Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Бейбіт күннің батыры Мейрамбек Рахматуллаев атындағы турнир

2019 жылғы 30 қазанда Шымкент қаласы Қазығұрт ауданы Жаңабазар елді мекені, Қарабастау ауылында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2016 жылғы түлегі полиция лейтенанты Мейрамбек Нұрділләұлы Рахматуллаевты еске алуға арналған Батырдың ерлігін ұлықтау, жастар жылын қолдау, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, талантты жастарға қолдау көрсету, волейбол спортын кеңінен қолдау, жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту мақсатында волейболдан қыздар арасында облыстық турнир өтті. Турнирді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Қарабастау орта мектебі ұйымдастырды.

Турнирге Түркістан облысы Полиция  департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Абай Қуатбайұлы Жусипов, Қазығұрт ауданы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Арман Оңғарұлы Ақшораев, Түркістан облысы Полиция  департаменті кадр басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Айжан Болатқызы Куленова, Қазақстан Республикасы Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Нелли Талапқызы Саханова, Қазақстан Республикасы Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Зарина Амангелдіқызы Мухангалиева қатысты.

Турнирдің шымылдығын ашып, сөз сөйлеген қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Нелли Талапқызы Саханова өз сөзінде бұдан алты ай бұрын батыр оқыған мектепте Мейрамбек Рахматуллаев атындағы әскери кабинет ашылғанын айтып, шымкенттік полицейдің ерлігі әрқашанда үлгі екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, салтанатты шара барысында батырдың отбасына да алғыс білдірді.

Аталған турнир 2002-2003 жылы туылған қыздар арасында өткізілді. Турнирге аудандық 9 команда қатысты. Бірінші орынды облыстық «Қазығұрт» командасы, екінші орынды Қарабастау мектебінің «Қарабастау» командасы, үшінші орынды Бәйдібек ауданының «Бәйдібек» командасы иеленді. Жүлделі орындарға ие болған командалар Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Ақан Есетұлы Қабдуевтің грамотасымен, кубокпен және  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚПжК кафедрасының

оқытушысы

полиция майоры

З.А.Мухангалиева