Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Менің мамандығым – криминалист» атты сурет салу байқауы

2018 жылғы 16-25 қазан аралығында «Ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық қызметінің 2018-2019 жылдарға арналған ақпараттық-имидждік жұмысы жоспарының» 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының «Травматикалық оқ-дәрілермен ату мүмкіндігі бар газдық қарулардың сот-баллистикалық сараптамасының ғылыми негіздері мен өндірістік мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелі аясында «Менің мамандығым – криминалист» атты сурет салу байқауы тәрбие жұмысы бөлімімен бірге ұйымдастырылды.   
 Байқау қазіргі қоғамда полиция қызметінің, оның ішінде криминалист мамандығының беделін арттыру, өскелең ұрпаққа полиция қызметін дәріптеу және полиция қызметін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды 1 А курсы 105 оқу тобының курсанттары Кушугулова Елена Викторовна мен Ковалева Александра Геннадьевна, ІІ орынды 1 А курсы 102— оқу тобының курсанттары Әдебиет Нұрасыл Қабидуллалы мен Сарсенғали Адилбек Касымулы және 1 А курсы 103 — оқу тобының курсанты Амирханова Аружан Бериковна иеленсе, ІІІ орынды 1 Б курсының 101— оқу тобының курсанты Тогайбекова Сымбат Муратовна және институт қызметкерлерінің балалары Айтмухамбетова Дайана мен Саркулова Малика иеленіп, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева