Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты түлектерінің қауымдастығын құру туралы

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты базасында осы жылдан бастап түлектерінің қауымдастығы құрылуда.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 наурызында оқу орнының қабырғасында әртүрлі жыл түлектерінің бастамасымен институт басшылығымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының түлектер қауымдастығын құру туралы ұсыныс болды. Ақтөбе заң институты 1996 жылдан басталады. 22 жыл ішінде оқу орнының қабырғасынан 5 мыңнан астам білікті полицей шығарылды. Сонымен қатар, түлектер ұрпақ сабақтастығының дәстүрлерін қайта жаңғырту, ЖОО имиджін одан әрі нығайту, сондай-ақ түлектерді жас ұрпақтың бойында қызметтік парыз сезімін тәрбиелеуге тарту қажеттілігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша 2019 жылы 4 мамырда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ базасында бітірушілердің Бірінші Республикалық Слетін өткізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, әр жыл түлектерінің бастамашыл тобының дауыс беруімен топ төрағасы болып бір ауыздан оқу орнының бірінші түлегі, ЖІҚ кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Марат Жалғасұлы Найманбаев сайланды.

Слеттің жұмысына қатысқысы келетін түлектерге +77058191055 (WhatsApp) телефондарына, сондай-ақ электрондық поштаға [email protected]. хабарласу қажет. (Найманбаев М. Ж.).