Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына тәжірибелік қызметкердің сабақ өткізуі

4.02.2018

2018 жылғы 03 ақпанда оқу бағдарламасын тәжірибемен ұштастыру мақсатында МКҚБ желісі бойынша оқып жатқан арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына институттың біліктілігін арттыру курсының тыңдаушысы, Астана қаласы МКҚБ кезекші бөлімінің аға инспекторы полиция подполковнигі К.Г. Садуов тәжірибелік сабақ өткізді.

Сабақ барысында К.Г.Садуов өз тәжірибесімен бөлісіп, жұмыс барысында кездесетін сұрақтарға нақты тоқталып өтті.  Атап айтқанда, сабақ барысында мемлекеттік күзет қызметінің қызметін ұйымдастыру, кезекші бөлімнің қызметкерінің ауыр қылмыстар жасалған кездегі жедел басқару күштері мен құрылғыларының пайдаланылуы, табиғи апатты жағдайларда және арнайы жоспарларды енгізу, еңбек ұжымдарымен, бұқаралақ ақпарат құралдарымен қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін  әрекеттесу, профайлинг технологиясы, оны ІІО қызметкерлерінің қолдануы, МКҚБ қызметкерлерінің қызметінде даулы жағдайларды болдырмау туралы мәліметтермен таныстырды.

 

КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

Д. Тулеуов

 
10 14 1 11085093 02085071