Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Баскетбол жарысы

2018 жылдың 2 қарашасында «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ақтөбе студенттер лигасы» атты баскетбол жарысын ұйымдастырған болатын. Жарыс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің спорт залында өткізілді.
Жарыстың мақсаты — денсаулықты нығайту және спорттық деңгейін көтеру, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жарыс қорытындысы бойынша: 1-ші орынды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ құрама командасы, 2-ші орында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ құрама командасы, 3-ші орында М.Оспанов атындағы БҚММУ құрама командасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздарымен жүлдегерлері «Ақтөбе студенттер лигасы» ойындары аяқталған соң грамоталармен және медалдармен марапатталады.

ӘжДШД кафедрасының аға оқытушысы
полиция аға лейтенанты
А.Қ. Қосмұратов