Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2019 жылдың 12 тамызында «Қазақстан Республикасындағы патрульдік полиция қызметін жетілдіру» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау полиция департаменттерінің патрульдік полиция қызметкерлері және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты  арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары қатысты.

Отырысты аша отырып, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  кәсіптік және қосымша білім беру факультеті бастығының м.а. полиция майоры Е. Қ. Балымов талқыланған тақырыптың өзектілігін атап өтті. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы әзірленіп, іске асырылуда.  Карта аясында полиция қызметкерінің жаңа стандарты әзірленді, полиция қызметкерінің жеке және кәсіби қасиеттеріне ұсынымдар әзірленді, оның қызметі халықтың қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға және сервистік модельге ие болуға бағытталуы тиіс. Осыған байланысты, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты  базасында арнайы кәсіптік оқыту курсының тыңдаушыларын дайындау  қазіргі заман талаптарына сай жүзеге асырылады.

Дөңгелек үстел  пікірталас алаңы түрінде өтті. Практикалық қызметкерлер тыңдаушылармен тәжірибе бөлісіп, Қазақстан Республикасы патрульдік полициясының қызметін дамыту және жетілдіру перспективасы шеңберінде өз көзқарастары мен ұсыныстарын айтты, пікір алмасты.

Өткізілген іс-шара барысында тыңдаушылар қарастырылатын мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, пайдалы ақпараттың үлкен көлемін меңгерді, бұл оқуда  және  одан әрі практикалық қызметте оң әсер ететіні сөзсіз.

 
IMG_1658 IMG_6124