Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Теориялық дәрістік сабағы

6.08.2019

2019 жылы 5 тамызда ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ІІБ Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі А. С. Махмутов “аң аулау және заңсыз балық аулау заңнамалары саласында әкімшілік жазаларды қолданудың ведомстволық бағыныстылығы” тақырыбында Ақтөбе облысы ЖП ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өкілдерінің қатысуымен “Охотзоопром” РМҚК Ақтөбе аймақтық филиалының инспекторлық құрамының қызметкерлері үшін дәріс өткізіліп, сабақ «Хабар-24» телеарнасында жарық көрді.

Дәріс сабағы барысында табиғатты қорғау қызметі саласындағы құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша нақты профилактикалық іс-шаралар талқыланды.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әкімшілік жаза қолданудың ведомстволық бағыныстылығы түсіндірілді.

Аталған іс-шара “Хабар-24″телеарнасында көрсетілді.

Қазақстан Республикасы ІІМ

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң

институтының әкімшілік құқық және

ішкі істер органдарының

әкімшілік қызметі кафедрасының 

аға оқытушысы полиция подполковнигі

А.С.Махмутов

 
12053431 IMG_5618 P1020760 8pEBRsa8UKo IMG_6034