Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жоғарғы оқу орындары арасындағы волейбол турнирі

8.04.2019

2019 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорт залында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында, Жастар жылы және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Заманауи ғылымының өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына орай, курсанттардың (студенттердің), магистранттардың, адьюнкттердің арасында волейболдан турнир өткізілді.

Турнирге 6 команда қатысты. Олар: Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Т.Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командалары.

Турнирдің бас төрешісі әскери және денешынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушысы, полиция аға лейтенанты Айбек Қабашұлы Қосмұратов ережелермен таныстырып, сонымен қатар төреші ретінде Біржан Жаңбырбайұлы Шәбілов және Бөгенбай Серікқалиұлы Бисенбаев шақырылды.

Турнирдің ашылу салтанатында Ту көтеріліп, Гимн ойналып және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Ғалия Жаңабекқызы Сулейманова құттықтау сөзін сөйледі.

Турнирде ұпай санымен 1-орынға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрама командасы алға шығып, 2-орынды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің құрама командасы, 3-орынды Т.Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының құрама командасы иеленді.

Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясына Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы командасының ойыншысы Алишер Жандарбекович Утаров, «Үздік шабуылшы» номинациясына Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы командасының ойыншысы Михаил Андреевич Брагин, «Үздік байланыстырушы» номинациясына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы командасының ойыншысы Виктория Александровна Мутерко ие болды.

Жүлделі орындарға ие болған командалар кубокпен, медальмен және грамотамен марапатталса, турнирге қатысқан командалар алғыс хаттармен марапатталды.

ӘжДШД кафедрасының аға оқытушысы

полиция аға лейтенанты

А.Қ. Қосмұратов

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

Ж.Қ. Қаирбаев

 
03 SAMSUNG CSC 12276189 IMG_2023 IMG_4390