Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

КУРСАНТ ҮШІН ЕҢ ҮЗДІК ДЕМАЛЫС – СПОРТ

12.02.2018

2018 жылғы 10 ақпанда Астана қаласынынң 20 жылдығына арналған «Шақырады шаңғы» атты шаңғы жарысынан қала чемпионатында 18-35 жас аралығында 3 км қашықтықта 1 «Б» курсының  103- оқу тобының курсанты Л.Н. Муляр 3 орынға ие болып, ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басышысы Е.Гончаровтың қолынан марапатталды.

Сонымен  қатар, 2018 жылғы 11 ақпанда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 «Б» курс курсанттары және курс басшылығы салауатты өмір салтын қолдау мақсатында «Солнечный» демалыс орталығында болып қайтты, аталған іс-шарада институт басшылығы және топ кураторлары қатысты.

 

курс бастығының орынбасары

полиция майоры

Ракишев Р.

 
SAMSUNG CSC SAM_2821 IMG_7667 02063004 03220137