Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу-әдістемелік жиынның екінші күні

2018 жылғы 10 сәуірде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының ІІД(К) ҚАЖІІО  КАЖІІО бастықтарының кадр жұмысы жөніндегі орынбасарлары «Тәрбие жұмысы қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған басым бағыт ретінде» тақырыбында өткізіліп жатырған оқу-әдістемелік жиынның екінші күні өтті.

Жоспар бойынша дәрістерді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан халық Ассамблеясы жанындағы «Бірлік» ақсақалдар алқасының төрағасы Еркін Жолмырзаұлы Құрманбеков, КЖД ТЖжКДҰБ бастығы полиция полковнигі Мұрат Қоңыржанұлы Жақыпбеков, ЕТ жөніндегі аға инспектор отставкадағы полиция подполковнигі Раушан Тілектесқызы Тұңғышпаева және ІІМ мұражайының ғылыми қызметкері, отставкадағы полиция подполковнигі Алмагүл Нурхамитқызы Сатмаганбетова оқыды.

ІІМ мұражайының ғылыми қызметкері, отставкадағы полиция подполковнигі Алмагүл Нурхамитқызы Сатмаганбетова өз дәрісін институттың мұражайында оқыды, дәріс басталмас бұрын Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны Зарина Амангелдіқызы Мухангалиева жиынға қатысушыларға институт мұражайы туралы айтты, әрі қарай Алмагүл Нурхамитқызы Сатмаганбетова мұражай жұмысы мен ҰОС ардагерлері туралы айтты.

Жоспар бойынша 11 сәуірде жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Темірбай Үсенұлы Илайковтың, жедел іздестіру қызметі кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Такежан Есентайұлы Сүлейменовтің, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жылқайдар Жалғасбайұлы Жалғасбайдың, жалпы білім беру пәндер кафедрасының доценті полиция полковнигі Жанат Мынбайқызы Есмамбетованың дәрістері жоспарлануда. 

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева

 
03 IMG_1808