Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Латын әліпбиі – тіл тұтастығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

7.02.2018

2018 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Латын әліпбиі – тіл тұтастығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

      Мақсаты —  Елбасы жолдауындағы бағдарлап берген межелердің бірі — адами капиталды жетілдіру жолдары, оның ішінде латын әліпбиіне көшудің мемлекет дамуына тигізетін тиімділігі мен артықшылық тұстарына тоқталу; мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, курсанттардың бойында тілін, ұлтын, тарихын құрметтеу сезімдерін қалыптастыра отырып, тіл үйрену арқылы жаһандануға

ұмтылысын арттыру.

         Дөңгелек үстелге ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Даулетияров, «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ  «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры К.Х.Серғазина, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Н.А.Садуақас, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық  филиалы төрағасының  кеңесшісі М.С.Ержақыпов, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысының Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Ж.Құрманбеков, «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің өкілі, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен курсанттары қатысты.

      Дөңгелек үстелдің модераторы: мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы Ж.Б.Нұрмұхамбетова.

     Дөңгелек үстелде латын әліпбиіне көшу кезеңдеріне түсінік беріліп, бұл қадамды жүзеге асыру  –  мемлекетіміздің дамуына ықпал жасаушы жаңа серпін  ретінде қарастырылды. Қызметкерлер мен курсанттар облысымыздың тіл жанашырларына көкейтесті сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан мазмұнды жауаптар алып, шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

 

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі

 
04 SAMSUNG CSC 01268048 IMG_5573 P1020882