Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты психологінің ІІО-дағы ведомстволық психолог және полиграфолог мамандардың ІV оқу-тәжірибелік конференциясына қатысқаны туралы есебі

1.11.2017

2017 жылғы 25-27 қазан аралығында «Қазақстан» санаториясының базасында (Алматы қ.) ведомстволық психолог және полиграфолог мамандардың «Террористік қауіп пен дағдарыстық жағдайдағы ІІО-ның тәжірибелік қызметінің психологиялық-полиграфологиялық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында ІV оқу-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының 200-ге жуық психологтар мен полиграфологтар қатысты.

3 күн бойына мына тақырыптардағы дәрістер тыңдалды:

– Террорлық акт жасаған адамның өлгеннен кейінгі психологиялық сараптамасы;

– Терроризммен күрес қызметін психологиялық сүйемелдеу жұмысы ұйымының ерекшеліктері;

– Террористердің тұлғалық психологиялық ерекшеліктері мен мінез-құлық индекаторы;

–  Қазіргі заманғы кванттық психотехнологиялар;

–  Бүкіл әлемдегі аутодеструктивті мінез-құлық;

–  Логотерапия негіздері: өмірдің мәні туралы притча;

– Полиграфты қолдану, профайлинг, графология ай детектор (көз қарашығы арқылы анықтау) салаларындағы жаңа әлемдік жетістіктері.

Сонымен бірге, шараның тәжірибелік бөлімі де өткізілді, тренингтік жұмыстың келесі әдістері қамтылды:

– төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысқан қызметкерлермен түзету жұмысының әдістері;

– психологиялық кеңес беру мәнмәтінінде агрессивті (арандатушылық) тәртіппен жұмыс;

 – әскери қызметкерлердің психологиялық дайындығының құрамды бөлігі ретінде психикалық жарақатпен жұмыс.

Конференция шеңберінде ІІО инспектор психологтар мен полиграфологтардың кәсіби компетенттік деңгейін анықтау тестілеуі жүргізілді, сонымен қатар, ІІО психологиялық қызметініңкөрме-презентациясы өткізілді.

Жиын соңында ІV оқу-тәжірибелік конференциясының шешімдері талқыланды және қабылданды. Қазақстан Республикасының 200-ге жуық психолог, полиграфолог мамандарының ішінде тек 35 ІІО қызметкері ғана марапатталды. Солардың қатарында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының психологі М.Р.Исламгалеева ІІО министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.А.Жақыповтың атынан алғысхатпен марапатталды.

Конференция жұмыстарына дайындалу барысында ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаментінің ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағында жарық көрген «Террористік қауіп пен дағдарыс жағдайындағы ІІО қызметкерлерінің моральдық-психологиялық ахуалының сақталуы» тақырыбындағы мақаласы әзірленді. Конференция қорытындысында Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі К.Н.Қасымовтың және Кадр жұмысы департаментінің бастығы полиция полковнигі А.Ү.Әбдіғалиевтің атынан сертификаттар табысталды.

Фотоматериал қоса тіркеледі.

 
01299025 SAM_4905 04253084 9 IMG_9403