Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Самбо күресінен мықтылар іріктелді

29.10.2018

Институт басшылығы, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық – оқытушық құрамы самбо күресіне үлкен назар аударуда. Сол себепті алдағы өтетін облыстық, Республикалық жарыстарға іріктеу жасау, жаттықтыру мақсатында институтының ауыспалы құрамы арасында самбо күресінен жарыс өткізілді.
Жарысқа қатысушы спортшылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының гимні орындалып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының сап бөлімі жөніндегі көмекшісі полиция полковнигі Қ.М. Манапбаев жарысқа қатысушы курсанттарға сәттілік тілеп, спортта жоғары белестерді бағындыруға серпін беріп, жарысты салтанатты түрде ашты.
Жарыс 4 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді және төмендегі аталған курсанттар жүлделі орындарға ие болды: Атап айтсақ: 62 келіге дейінгі салмақта 1-ші орынды 2 «А» курсы 203 оқу тобының курсанты Б.Сәбденбек, 68 келіге дейінгі салмақта 1-ші орынды 2 «А» курсы 205 оқу тобының курсаны Н.Болат, 74 келіге дейінгі салмақта 1-ші орынды 2 «А» курсы 205 оқу тобының курсанты Ж.Жылқыайдар, 82 келіге дейінгі салмақта 1-ші орынды 2 «Б» курсы 201 оқу тобының курсанты С. Советханов 1-ші орынды жеңіп алды.
Жарыс әуенмен жақсы көңіл күйде өтіп, жеңімпаздар және жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталып, салтанатты түрде аяқталды.

ӘжДШД кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры А.А. Мергалиев

 
прил рус IMG_8031 DSC01983 IMG_9197 IMG_9226