Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тәжірибелік қызметкерлерді оқу сабақтарын өткізуге тарту

2.08.2019

2018-2019 оқу жылына тәжірибелік қызметкерлерді бастапқы кәсіптік білім беру тыңдаушылары  үшін жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Ш.У. Смағұлова “Іс-қағаздарын жүргізу” пәні бойынша “Ақпараттық-анықтамалық құжаттама” тақырыбында тәжірибелік сабаққа Ақтөбе қаласы пробация департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы З.М. Джантлеуова шақырылды.

Баяндау мақсатында 7 оқу тобының тыңдаушыларына  -ЭҚАБЖ жұмысы бойынша нұсқаулық ережесіне  сәйкес келіп түскен және жолданған хат-хабарларды белгіленген мерзімде  өңдеуді қамтамасыз ету, оны мекен жәй бағыты бойынша жеткізу, әрі құжаттардың орындалу мерзімін, олардың дұрыс ресімделуін бақылау. Істердің дұрыс қалыптасуын, сақталуын және мұрағатқа тапсырылуын бақылау. Істерді қалыптастыру және оларды сақтау жөнінде ақпарат берді.

Әңгімелесу барысында тыңдаушылар сабаққа белсенді түрде қатысып, сұрақтар қойылып, пробация қызметінің құжат айналымының қызметі туралы жауаптар алды.

Аталған кездесу тыңдаушыларға да, пробация қызметінің маманына да қызықты әрі танымды өтті.

Жалпы білім беру пәндер

кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны                                      

Ш.У.Смагулова

 
06 10259045 IMG_4112 IMG_4319 DSC_0716