Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ерікті жалданушы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы

7.11.2017

Кәсіподақ төрағасы — Жабасова Айжамал Қибашқызы

         Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ерікті жалданушы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитеті ерікті, өзін-өзі басқарушы қоғамдық бірлестік болып табылады. Ол өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, Еңбек кодексіне, қолданыстағы заңнамалар мен ұжымдық шартқа сәйкес жүзеге асырады. Кәсіподақ қызметі өз мүшелерінің еріктілігі, тең құқылығы, заңдылығы және белсенділігі сияқты қағидаларға негізделеді.

Кәсіподақ қызметі ашық негізде құрылады және оның мерзімі шектеусіз. Ерікті жалданушы қызметкерлердің еңбек жағдайын анықтауға қатысу кәсіподақтың негізгі міндеті болып табылады. Оған еңбекті нормалау; еңбекақы шарттарын анықтау; еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау; ерікті жалданушы қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мақсатында ұжымдық келісімшарт жасау; жалпы қызметкерлердің еңбек жағдайын анықтау мәселелері бойынша жұмыс берушінің актілерін қабылдау үрдісіне қатысу; еңбек жағдайындағы келіспеушіліктерді шешуге қатысу; кәсіподақ мүшелерінің қызмет барысына байланысты ұсыныс-сұрақтарын қарастыру; кәсіподақ мүшелеріне құқықтық, материалдық және басқа да қаржылық көмек көрсету жатады. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық мәртебесі мен қызмет аясының ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіподақ білім беру қызметіндегі тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері, азаматтылық пен елжандылықты тәрбиелеу негізінде кәсіби қалыптасуын өз міндетіне алады.

Жұмысшыларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау жөніндегі сұрақтарға  басшылықпен, институт бастығының тұлғасында, ерікті жалданушы қызметкерлер арасындағы құқықтық-ұйымдастырушылық мәселелер бойынша ұжымдық келісімшарт негіз болып табылады.

 
25 DC5A9055 LIS_0627 IMG_6051 IMG_6138