Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚОҒАМДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА «НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК» ҚАҒИДАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

1.09.2017

Әлеуметтік маңызды «Қоғамда құқық бұзушылыққа «Нөлдік төзімділік» қағидаларын қалыптастыру» жобасын үйлестіру аясында, ММ «Ішкі саясат басқармасы» және қоғамдық қор «Ақтобе Дамуының» жоспары бойынша әр мемлекеттік құрылымдардан жоғары дәрежелі pool сарапшылар тобы құрылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан сарапшы ретінде ӘҚжІІОӘҚ кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Р.С.Ізбас қатысты, яғни 2017 жылдың 26 мамыры мен 28 тамыз аралығында топ құрамында бес ауданға іс-сапарға шықты (Алға, Мұғалжар, Темір, Ырғыз және Хромтау), сонымен қатар М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында Ақтөбе қаласының жастарымен кездесіп, оларға құқықтық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге байланысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің негізгі баптары кеңінен түсіндірілді, сонымен бірге азаматтардыполиция қызметкерлерімен құқық бұзушылыққа «Нөлдік төзімділік» ісін бірігіп жүзеге асыруға шақырды.

 
08 DSC06975 SAM_3005 PO1ptG2bdDM 04264052