Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг.

1.02.2019

2019 жылғы 31 қаңтарда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қабырғасында «Отбасылық қарым-қатынас» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталған тренингтің лекторы «Halyk invest consalting» ЖШС компаниясының бас директоры, отбасылық қарым-қатынастар тәжірибесімен шұғылданушы, бизнес тренер Ерлан Елеусінұлы Бокушев. Тренингке қатысушылар ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері болды.
Бұл тренинг отбасылық құндылықтарды сақтап қалуға, өмірде дұрыс шешім қабылдауға және балаларды дұрыс тәрбиелеуге бағытталған.
Тренинг барысында қызметкерлер өздеріне болашақта азық боларлық көптеген жақсы жаңалықтар алды.

 
SAMSUNG CSC 02085053 02158057 IMG_1897 IMG_2959