Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттарына арналған семинар-тренинг.

13.04.2019

2019 жылғы12 сәуірдеҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында «Армандар. Мақсаттарды дұрыс қоя білу» атты семинар-тренинг өтті. Аталмыш тренингтің лекторы «Halyk invest consalting» ЖШС компаниясының бас директоры, отбасылық қарым-қатынастар тәжірибесімен шұғылданушы, бизнес тренер Ерлан Елеусінұлы Бокушев. Тренингке қатысушылар ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары болды.

Бұл тренинг армандар орындалу үшін мақсаттарды дұрыс қоя білуге бағытталған. Курсанттарға семинар-тренинг барысында өзіне сенген, армандаған және өз мақсаттарына қол жеткізген танымыл тұлғалардың өмірбаяндары мысал ретінде келтірілді.(Стив Джобс Apple корпорациясының негізін қалаушы, Марк Цукерберг долларлық миллиардер, Facebook желісінің негізін қалаушы, Мохаммед Али, Майк Тайсон кәсіби боксшылар, Димаш Кудайберген әнші, композитор, мултиаспапшы) Тренинг барысында курсанттар өздеріне болашақта азық боларлық көптеген тиімді ақпараттар және жағымды эмоциялар алды.

 
12086195 IMG_6400 IMG-20180521-WA0005 IMG_8964 IMG-20181006-WA0095