Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қысқы Олимпиадалық ойындардың құрметіне арналған жаппай шаңғы тебу жарысы

2018 жылдың 10 ақпанында Ақтөбе қаласында мыңнан астам қала тұрғындары жаппай шаңғы тебу жарысына қатысты. Шаңғы жарысы Кореядағы қысқы Олимпиадалық ойындардың ашылуына байланысты өткізілді. Аталған шараның ұйымдастырушысы «Ақтөбе қаласы Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастығы Гончаров Евгений Владимирович болды. Жарыстың мақсаты – Ақтөбе қаласындағы қысқы спорт түрлерін дамыту.

         Жарыстың ашылуында қала әкімі Испанов Ілияс Сапарбекұлы салтанатты сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға жалынды сәлем жолдап, олардың дендеріне саулық, амандық тіледі. Спортшылар, оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, кәсіпкерлер және мемлекеттік қызметкерлермен бірігіп, қала әкімі шаңғы тебуді бірінші болып бастады. Барлық жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп, әртүрлі қашықтықта 1 шақырымнан 5 шақырымға дейін шаңғы тебу жарысына қатысты. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының атынан да өкілдер қатысты. Шаңғы жарысында қыздар арасында 3-ші орынды 1 курс, 103-оқу тобының курсанты, қатардағы полиция Муляр Любовь иеленді.

         Жарыстың жеңімпаздары, жүлделі орын иеленген қатысушылар грамоталармен және медальдармен марапатталды.

 

Әскери және дене шынықтыру кафедрасының

оқытушысы полиция капитаны Каирбаев Ж.К.

 

Әскери және дене шынықтыру кафедрасының

оқытушысы полиция аға лейтенанты  Қосмұратов А.К.

 
11278104