Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру

Мемлекет мен қоғамның ортақ мақсаты  – ұсақ қылмыстардың алдын алу, тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әрбір  азаматты құқық бұзушылықты тоқтатуға ынталандыру. Азаматтар көз алдында құқық бұзушылық жасалса, немқұрайды қарамай, дер кезінде әрекет етіп, ескерту жасап, полицияны шақыруы  керек. Біз тек ортақ күш жұмсау арқылы өз қоғамымызда тәртіпті қамтамасыз ете аламыз.

          Қоғамда құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастырудың ұйымдастырушылық және тәжірибелік іс-шаралардың 2017 жылғы жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы институт курсанттарының құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана-сезімдерін арттыруға бағытталған тәрбие жұмысын жүргізеді. Дәрістерде құқық бұзушылықтардың қоғамға және адами мәдениет құндылықтарына, тұлға мен оның мүдделеріне тигізетін зиянды әсері туралы айтылады. Соңғы жылдары қылмыстың көрсеткіші өсіп, елдегі әлеуметтік-экономикалық  ахуалдың жақсаруына қайшылық етеді. Қазақстанда қылмыстардың деңгейін төмендету және қоғамдық қауіпсіздікті арттыру үшін қоғамда құқық бұзушылықтарға төзбеушілік  ахуалын қалыптастыру саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда. «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұсақ, бірақ жиі жасалатын құқық бұзушылықтарға қолдану ұсынылады. Бұл процеске қалың жұртты әртүрлі жобалар мен біріккен шаралар арқылы тарту кезі келді.     

          Сонымен бірге, кафедра оқытушылары қосымша Ақтөбе қаласының мектептері мен лицей оқушылары арасында шығу сабақтарын өткізеді. Сабақтарда балалар дискуссия құрып, қаланың ластануы, қоғамдағы азаматтардың мәдениетсіз әрекеттері мәселелеріне қызығушылық танытады. Жалпы алғанда, оқушылар тәртіпсіздік, қоғамдық орындарда шылым шегу және алкоголь өнімдерін ішу, қоқыстарды тастау, т.б. секілді ұсақ, бірақ жиі жасалатын құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын дұрыс түсінеді.

      

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

Т.Ж.Елемесов