Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҮЗДІК ЖАС СПОРТШЫЛАР

Ақтөбе заң институтының 1 курс курсанттары қатардағы полиция Дәулет Манасовпен Берікұлы Арнұр Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімі Д.Сагировтың бұйрығы бойынша мемлекет жастарының арасында спорт саласына үлес қосқандары үшін алғысхатпен марапатталып, «Үздік жас спортшылар» атағы берілді. Сонымен қатар, Д.Манасов «Спорт шеберіне үміткер» атанды. Айта кетсек, жас спортшылар бала кезінен волейболмен айналысып, аудандық, облыстық дәрежедегі жарыстардан жетістіктері бар. Ойыл ауданы құрама командасы Қазақстан чемпионатына қатысып,бірінші орынға ие болған. Аталған спортшылар оқуда да, спортта да алдан көрініп, келесі жарысқа қарқынды дайындалуда. Институттың қоғамдық өміріне ат салысып, жігерлілігімен жауапкершілігінің арқасындакурс басшылығын, ең алдымен ата – аналарын қуантуда.

Курс бастығының орынбасары
полиция капитаны
Ш.Т.Ельтаев

 
IMG_9651