Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҰОС және ІІО ардагерімен кездесу

2018 жылғы 3 желтоқсанда таңдаған кәсіпке берілгендік, ұрпақтар жалғастырушылығы және патриоттық тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ЖІҚ кафедрасының қызметкерлері полиция подполковнигі С.Ә.Төлеев және полиция подполковнигі М.Ж.Найманбаевпен Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы милиция полковнигі Михаил Иванович Диденконың мекенжайына бару ұйымдастырылды. Ардагерге қылмысты іздестіру қызметі құрылуының 100 жылдығына арналған тарихи-публицистикалық жинақ және институт басшылығы атынан осы жинақты жазуда көрсеткен үлкен үлесі мен көмегі үшін алғысхат тапсырылды.
Іс-шараның аяқталуына орай фотосурет түсірілімі болды және институт қызметкерлері ҰОС және ІІО ардагері отставкадағы милиция полковнигі М.И.Диденкоға ұзақ ғұмыр және зор денсаулық тіледі.

ЖІҚ кафедрасының доценті
полиция подполковнигі
М.Ж.Найманбаев 

 
07 IMG_9678 SAM_2760