Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Алматы қаласы мен Алматы облысында жүргізілген кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстары туралы

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының 2017 жылғы 16 қарашадағы №65 бұйрығына сәйкес Алматы мен Талдықорған қалаларына кәсіптік бағыт бағдар беру жұмыстары өткізілді. Өткізу мақсаты жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында үгіт насихат жұмыстарын өткізіп, біздің ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына оқуға шақыру.

          2017 жылдың 20 қараша мен 22 қараша аралығында Алматы қаласындағы орналасқан келесі жоғары оқу орындарында кәсіптік бағыт бағдар жұмыстарын өткіздік:

  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • География және жаратылыстану институты;
  • Филология институты;
  • Педагогика және психология институты;
  • Спорт және өнер институты;
  • Сорбона-Қазақстан институты;
  • Спорт және туризм академиясы;
  • М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы;
  • Алматы энергетика және байланыс университеті;
  • Қазақ ұлттық аграрлық университеті:
  • Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы;
  • Халықаралық ақпараттық және технологиялар университеті.

2017 жылғы 23 қараша мен 24 қараша аралығында Талдықорған қаласындағы орналасқан оқу орындары:

  • І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті;
  • У.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы;
  • Жетісу әлеуметтік-гуманитарлық колледжі;
  • Политехникалық колледж;
  • Қызмет көрсету және технология колледжі;
  • Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі.

Алматы қаласы мен Алматы облысында кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстарын өткізу барысында барған оқу орындарының студенттері біздің оқу орнына оқуға түсу және алдағы уақытта жұмысқа орналасу жөнінде сұрақтарын ынтамен қойды. ІІО қызметіне қызығушылық танытқан студенттердің көпшілігі – еліміздің оңтүстік өңірінің тұрғындары. Біздің оқу орнына оқуға түсуге қызығушылық танытқан ҚазКжКА, ҚазЕжӘҚА, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері сонымен қатар, қызмет көрсету және технология колледжі, политехникалық колледж және Жетісу әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері болды.

         Сонымен бірге, студенттерді тарту мақсатында газеттерге хабарламалар берілді:

  • Қазақстан Республикасының барлық аймағында таратылатын «Қараван»;
  • Алматы қаласы мен Алматы облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында, сонымен қатар, Астана мен Өскемен қалаларында таратылатын «Без проблем»;
  • Алматы қаласы мен Алматы облысында таратылатын «Работа для Всех»;
  • Алматы қаласында таратылатын «Из рук в руки» және «Атшабар».

Газеттерге ресми жарияланғаннан және көбейтілгеннен кейін, барлық берілген хабарламалар газет басылымдарының сайтында орналастырылады.

ЖҮжБ бөлімшесінің бастығы

полиция майоры

А.Д.Иманов

 
13