Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

АРНАЙЫ БАСТАПҚЫ ОҚЫТУ КУРСЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы                      29 желтоқсандағы № 1201  «Арнайы бастапқы оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының 2017 жылға арналған жоспар-кестелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2017 жылғы 11 қыркүйек пен 04 қараша аралығында  Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына  ІІО орта құрам лауазымына үміткер 62 тыңдаушы арнайы бастапқы оқыту курсына қабылданды және аяқтады. 

  Қазақстан Республикасы ІІМ  2016 жылғы 27 желтоқсандағы №1194 «Арнайы бастапқы оқыту курстарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығына сай оқу жоспары бойынша 10 негізгі пән және 3 факультатив пәндері оқытылды.  

Оқу сабақтары институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарымен бекітілген кестеге сай жүргізілді.

Сабақты тәжірибемен ұштастыру мақсатында 2017 жылғы 20 қазанда криминалистика негіздері пәнінен ҚР ӘМ Ақтөбе сот-медициналық сараптау орталығына 2017 жылғы 24 қазанда  арнайы техника  пәні бойынша Ақтөбе облысы ІІД жедел басқару орталығына және 2017 жылғы 2 қарашада  кәсіби даярлық пәні бойынша учаскелік полиция пунктіне шығу сабақтары өткізілді. Сабақ барысында оларға ақпараттық-іздеу құралдарының жаңа техникалық жетістіктері мен қызметтік  мүмкіндіктері  туралы  кең  мағлұмат берілді.

2017 жылғы 25 қазанда атыс даярлығы пәнінің тақырыптық жоспарына сәйкес, қатардағы және кіші оқыту курсының тыңдаушыларымен 9 мм Макаров тапаншасынан №1 орындауға оқу-жаттығу және Калашников автоматынан №6655 әскери бөлімінің атыс алаңында тәжірибелік атыс өткізілді, қауіпсіздік шараларын  қамтамасыз  ету үшін Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығы және нұсқаулыққа сәйкес талаптары  түсіндірілді және алдын ала сынақ қабылданып, институт психологі тыңдаушылармен тесттік тексеріс жүргізді.

          Арнайы бастапқы оқыту курсы барысында тыңдаушылармен өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес взвод кураторларымен демалыс күндері Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филормонияға «Екі езу» теартының қойылымын сонымен қатар, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрына «Ескерткіш оқиғасы» атты қойылымдарды тамашалау  ұйымдастырылды.

 Кәсіптік және қосымша білім факультетімен бірге психолог М.Ислямгалеева арнайы оқу орнына ауысып келген тыңдаушылармен сауалнама жүргізді және де оның жүріс-тұрысы жайында, оның мінез-құлқы, тәртіпке бағынуы туралы әңгіме жүргізді.

         Курс соңында  тыңдаушыларға арнайы бастапқы оқыту курсын оқып аяқтағандығы жөнінде сертификат беріліп, оқу барысында үлгілі нәтижелер көрсеткен, институттың қоғамдық өміріне атсалыса  қатысқан тыңдаушылар институт бастығының атынан алғысхаттармен марапатталды.

 

КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

А. Сагынтаева