Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ауған соғысы ардагерлерімен курсанттарға кездесу

2019 жылғы 15 қаңтарда сағат 15:00-де институттың акт залында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының апталығы аясында КОФ 2 «А» курс курсанттарымен Ақтөбе облысының «Жауынгерлік бауырластық» АБО жетекшісі Гумер Абдувалиевич Галеевпен кездесу ұйымдастырылды. Ол іздестіру жасағының қызметі және іздеу қозғалысы туралы, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен сарбаздарды іздестіруге бағытталған іс-шаралар туралы, іздеу қозғалысының тарихы жайында, сонымен қатар, Отан үшін өз өмірін берген адамдардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын адамдар туралы айтты.
Курсанттар үлкен қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу соңында Г.А. Галеев институт басшысының атынан алғысхатпен марапатталды. Сонымен қатар Г.А. Галеев институттың кітап қорына патриоттық мәні бар кітаптар сыйлады.
Ауған соғысының ардагерімен кездесу өткізілгеннен кейін курсанттарға Кеңес одағының батыры М.Бөкенбаевтың өмірбаяны бойынша түсірілген бейнежазба көрсетілді.

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З.Нұрыш