Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША КӨРНЕКІЛІК САБАҚ

2018 жылғы 25 сәуірде жалпы білім беру пәндері кафедрасының апталығы аясында 1 А курсының 104-тобында ағылшын пәнінен көрнекілік сабақ өткізілді. Сабаққа институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

         Курсанттар «Conditional Sentences» тақырыбы бойынша грамматикалық тұрғыдағы білімдерін көрсетті. Сабақта Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламасы аясында белсенді әдістемелік әдістері қолданылды. Взводты 3 топқа бөлу арқылы таңдалған жаттығулар мен әртүрлі әдіс бойынша теориялық материалдар, топтық тапсырмалар, грамматикалық білімдерін бекіту мақсатында және ауызша сөйлеу мәдениеті қолданылды. Сабақтың басты мақсаты мен міндеті іске асырылды.

        Оқытушының белсенді жұмыс стилі және қызықты сабақ беру әдісі  курсанттардың толық қабілеттерін ашуға көмектесті.

       Сабақ технологиялық түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану мен коммуникативті дамуы мақсатында курсанттардың өз жұмыстарын дұрыс бағалай білуге үйретті.

       Әріптестер оқытушыға сабақ өткізгені үшін алғыстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.