Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе заң институтының жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан қызметкерлерімен кездесуі

2018 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрам бойынша инспекторы Н.Жакслыковтың хатшылығымен, институт ғимаратының акт залында жеке құрам қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізілді.

 Жиынға Ақтөбе заң институтының жеке құрамы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің орынбасары Қамал Қожахметұлы Қабылбеков, штаб аға офицері Қайрат Қуанышұлы Тымбаевтың қатысуларымен өткізілді. Сонымен қатар жиналған жеке құрам қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында түсірілген слайдтарды көрсетіп орын алған құқық бұзушылықтың салдары туралы бейнебаян көрсетті.