Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе қаласының ЖОО студенттері арасында шағын футболдан жарыс

            2018 жылғы 4 мамырда 9 мамыр — Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге орай, Ақтөбе қаласының ЖОО студенттері арасында шағын футболдан жарыс  ұйымдастырылды. Жарыс Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорт алаңында өткізілді.

Бас төреші әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының доценті полиция полковнигі Қайрат Үмбетбаев Досжанұлы жарыстың ережелерімен таныстырды.

  Жарысқа 5 команда қатысты. Олар — С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Қазақ-Орыс халықаралық университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты. Жарыста ұпай санымен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің командасы алға шықты. 2-ші орынды Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының командасы, 3-ші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы иеленді. Шағын футбол жарысында «Үздік шабуылдаушы» номинациясына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ойыншысы 1 курс курсанты Өмірзақов Жасұлан, «Үздік ойыншы» номинациясына Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының ойыншысы 3 курс курсанты Ликеров Ержан, «Үздік қақпашы» номинациясына М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің студенті Құбашов Рахман ие болды.  

           Жарыстың марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы                   ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының бастығы полиция полковнигі Мейрамхан Нұршаев Дайрабайұлы жүлделі орындарға ие болған командаларды кубок, медальдармен және грамоталармен марапаттады.

 

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

Ж.Қ. Қаирбаев

 
 
02