Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ЕСКЕРТУ МЕН АЛДЫН АЛУДАҒЫ ҚОҒАМНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілуі

2019 жылғы 17 мамырда Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысының прокуратурасымен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен,  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен бірге Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Құқық бұзушылықты ескерту мен алдын алудағы қоғамның рөлі және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеті» тақырыбында халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция жұмысын модератор — Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ашты, әрі қарай қонақтар — VI сайланған Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Мәжитұлы Абдиров, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары Наиль Рафисович Ахметзакиров, Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Қайдошұлы Байболов құттықтау, кіріспе сөздерін айтты.

Пленарлық мәжіліс жұмысында  Ақтөбе облысының прокуроры,
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты, құрметті заңгер Марат Жолмағамбетұлы Қайбжанов, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің қылмыстық сот төрелігі және ғылыми құқықтық сараптама мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Шекішұлы Қоғамов, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Дулат Сламбекович Чукмаитов баяндамаларын ұсынды.

Сонымен қатар, Заманауи құқық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвили және Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің проректоры,  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ш. Шүңкеев пікірталас шеңберінде нақты ұсыныстары мен ұсынымдарын ортаға салды.

Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберіндегі жұмыстар 3 секция бойынша өткізілді, №1 және №2 секция жұмыстары  Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де өткізілді.

«Құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескерту жөніндегі қызметі: шындық және болжам» бағытындағы №3 секция жұмысы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Шаңырақ» конференц залында өткізілді.

Секция өз жұмысын сағат 14:00-де «Курсанттар аллеясын» аралап, Ресей делегациясының және Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция полковнигі М.К. Байболовтың  шырша көшеттерін отырғызуынан  бастады.

Секция жұмысын әрі қарай сағат 14:30-да жалғастырды, іс-шараны модератор — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Қазақстанның құрметті заңгері, полиция полковнигі А.М. Сайтбеков ашты. Қазақстан Республикасы ІІМ-дан Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Қайдошұлы Байболов, Түрік Ұлттық Академиясынан Түрік Ұлттық полиция академиясының вице-президенті, 1-сыныпты қауіпсіздік жөніндегі менеджер Фатих Инал, Ресей ІІМ Воронеж институтынан институт бастығының міндетін уақытша атқарушы, жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі
Р.Н. Овсянников, Ресей ІІМ Ростов заң институтынан әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, доцент, полиция полковнигі Р.А. Лубский, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясынан жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, аға әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцентШ.Ш. Шаяхметов, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясынан жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты
А.Н. Биласаров, Орталық Қазақстан Академиясынан ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор З.С. Тоқыбаев кіріспе құттықтау сөздерін айтты.

Сонымен қатар, конференция жұмысына Орал мемлекеттік заң университетінің прокурорлық қызмет кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты М.М. Черепанов, Орал мемлекеттік заң университетінің қылмыстық құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты В.А. Попов, Орынбор мемлекеттік университетінің азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцентЛ.И.Носенко,  Орынбор мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Е.И. Максименко, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің заңтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Г. Алимпиева, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты, ал онлайн байланыс жүйесінде Ресей ІІМ Воронеж институтының әкімшілік қызметі кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Т.М. Занина, Ресей ІІМ Воронеж институтының әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы Л.Б. Антонова, Ресей ІІМ Ворнеж институтының адъюнкті, полиция лейтенанты М.В. Бутова өз баяндамаларын ұсынса, Ресей ІІМ Ростов заң институтының қызметкерлері пікірталасқа қатысты.

Секция жұмысы аяқталғаннан кейін тренинг-орталықтың және офис коворкингтің ашылуы өткізілді, сонымен қатар,  институт басшылығымен және кафедралар мен бөлімдердің бастықтарымен кездесіп,  оқу-зертханалық кешенді, оқу-жаттығу полигонын, казарманы, медициналық бөлімді аралады, «Адалдық дүкеніне» барды. Іс-шара институт есімін иемденген Ұлы Отан соғысының батыры Малкеджар Бөкенбаевтың ескерткішінің жанында естелік суретке түсумен аяқталады.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі                                              

А.Қ.Каримбаева

 
05