Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Балалық шақ мерекесі

2018 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысы бөлімі Динамо» ДжСҚ Ақтөбе филиалымен бірлесіп институтта Отбасы күні, Халықаралық балаларды қорғау күні мерекелеріне орай, Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы  1 ақпандағы Қазақстан Республикасы ІІМ «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобасын  іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы №75 бұйрығына сәйкес институт қызметкерлерінің жанұялары арасында «Біз бақытты жанұямыз» атты спорттық-эстафета сайысын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – институт қызметкерлері және олардың жанұялары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа баулу, дене шынықтыру дайындығын қалыптастыру және отбасы мүшелерінің арасында ынтымақтастықты нығайту.

Мерекелік шараға институт қызметкерлерінің балалары және «Еркем-ай» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты.

Шара институт аумағында бүлдіршіндердің асфальтқа сурет салуынан басталды. Сол жерде барлық балаларға сыйлықтар табысталды. Әрі қарай институттың спорт залында институт қызметкерлерінің жанұялары арасында «Біз бақытты жанұямыз» атты спорттық-эстафета сайысы өткізілді.

 Эстафетада Қазақстан Республикасының Гимні ойнап, институт бастығын С.И.Қаракүшевтің құттықтау сөзімен ашылды.

Сайыстың әділқазылар алқасының төрағасы «Динамо» ДжСҚ Ақтөбе филиалының бірінші орынбасары отставкадағы полиция полковнигі З.Т.Истляуп болса, алқаның мүшелері Ардагерлер кеңесінің мүшесі отставкадағы полиция подполковнигі М.К.Айдосов, Ақтөбе облыстық жастар ресурстық ортылығының кеңесші-маманы Н.М.Досекешов, МТжАБ бастығы Ж.Б.Нурмухамбетова, ӘжДШД кафедрасының бастығы полиция полковнигі М.Д.Нұршаев болды.

Спорттық эстафетаға институт қызметкерлерінің отбасыларынан құралған 6 команда қатысты. Атап айтсақ: қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.Р.Ерғалиевтің отбасынан құралған «Болашақ» командасы, жалпы білім беру кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.А.Салимовтың отбасынан құралған «Ақ барыс» командасы, кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Н.Қ.Сүлейменовтің отбасынан құралған «Тұлпар» командасы, жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі З.З.Нұрыштың отбасынан құралған «Астана – 20 жыл» командасы, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.М.Минайдаровтың отбасынан құралған «Арлан» командасы, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.А.Мерғалиевтің отбасынан құралған «Сұңқар» командасы қатысты. 

Жүргізуші сайыс ережесімен таныстырып, эстафетаны бастады. Эстафета «Таныстыру», «Генерал погондары», «Тек алға!», «Гүлшоғын ал», «Кенгуру», «Допты қақ», «Би-әуендік» кезеңдерден тұрды. 

Кезеңдер арасында «Еркем-ай» балабақшасының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті.

Кезеңдер қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі І орынды полиция майоры А.А.Мерғалиевтің отбасынан құралған «Сұңқар» командасы, ІІ орынды  полиция подполковнигі А.А.Салимовтың отбасынан құралған «Ақ барыс» командасы, ІІІ орынды полиция майоры Н.Қ.Сүлейменовтің отбасынан құралған «Тұлпар» командасы жеңіп алды. Барлық қатысушылар институт бастығының грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Әрі қарай шара институттың акт залында жалғасын тапты. Балаларға арнап мультфильмдер көрсетіліп, балмұздақтар мен тәттілер таратылды.  

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева

 
SAMSUNG CSC 03070323