Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Бос жұмыс орын жәрмеңкесі

2019 жылғы 20 желтоқсанда ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты “Keruen city” сауда-ойын-сауық орталығында өткізілген бос жұмыс орын жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шараның мақсаты – жұмыссыздарды және жағдайы төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмыспен қамтамасыз ету.

Институт өкілі тұрғындарға арнайы бастапқы оқыту курсы жайында толық ақпарат жеткізіп, оларға кітапшалар таратты. Жәрмеңкеге Ақтөбе заң институтынан бөлек білім беру, денсаулық сақтау, мұнай, құрылыс, сауда және қызмет көрсету саласындағы 70-ке жуық ұйымдар мен кәсіпорындар қатысты.