Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

№ 41 мектеп-гимназиясының кадет сыныбына арналған криминалистика сабағы

2020 жылдың 12 ақпанында Фариза Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназиясының кадет сыныбының оқушыларына Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы – полиция майоры С.М.Минайдаров Криминалистика негіздері бойынша танысу тәжірибе сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: оқытушыларға дәлелдемелер негізінде, болған оқиғаның суретін құрастырудың негізгі принциптерімен таныстыру; физика, химия, биология әдістерінің ішкі істер органдарында қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу мен тергеудегі тәжірибелік міндеттерін шешуде қолданылуын көрсету. Оқушылар сабақты ойын нысадында қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу өнерінің негіздерімен танысып, тергеуге қандай ғылымдар көмектесетінін, іздерді қалай жинап, зерттеу керектігін, оқиға болған жерді тексерген кезде неге назар аудару керек, тергеу болжамдарын қалай ұсынуға болатындығын білді. Оқытушының ұсынысымен сараптамалық және аналитикалық жұмыстарға бейім оқушыларға сарапшы-криминалист рөлінде өзін сынап көруге шақырылды.

Олар саусақ іздерін әртүрлі беттерден алу процесіне қатысып, сонымен қатар саусақ ізінің ережелері мен қағидаларын игерді, қалған оқушылар детектив сияқты сезініп, тапқан іздеріне сүйене отырып, алға қойған болжамдарын тексеріп, «қылмыстық құқық бұзушылықты» шешуге тырысты. Өткізілген сабақ оқушылар арасында үлкен танымдық қызығушылық тудырды.

ҚҚ,ҚПжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                                                        

Саханова Н.Т.