Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілігін арттыру курсы тыңдаушыларының курсты аяқтауы

2018 жылғы 16-21 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ЖПҚ жол-патрульдік қызметінің инспекторлары біліктілігін арттыру курсынан өтіп, аяқтады. 

         Біліктілікті арттыру курсы бекітілген оқу және тақырыптық  жоспарлары негізінде өткізілді.

2018 жылғы 16 сәуірде институт бастығының сап бөлімі жөніндегі көмекшісі полиция полковнигі К.М. Манапбаев және кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Гизатов институт алаңында тыңдаушылармен саптық тексеріс өткізді,  оларға қызметтік киім кию нысанын бұзбау туралы және күн ережесі түсіндірілді.

2018 жылғы 17 сәуірде кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Б.Ғизатов Нұрсұлтан Назарбаевтың           2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндірді.

Оқу процесін тәжірибеге бағыттау мақсатында Ақтөбе қаласының құқық қорғау органдары мекемелеріне тыңдаушыларға арналған шығу сабақтары өткізілді. Атап айтсақ, ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н.Оразалин Ақтөбе облысы ІІД жедел басқару орталығына және АКҚБ басқармасына шығу сабақтарын ұйымдастырды.

2018 жылғы 18 сәуірде Астана қаласы ІІД-ден келген ЖПҚ инспекторы полиция лейтенанты Н.Б. Хамитов арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына (жол-патрульдік қызметі желісі бойынша оқып жатырған) сабақтан тыс уақытта тәжірибелік сабақ өткізіп, оларға жол қиылыстарында автокөліктердің жүруін реттеу, арнайы құралдарды қолдану тәрізді тәжірибелік сұрақтармен таныстырып өтті.

Сабақтан бос уақыттарында тыңдаушылар институттың жалпы кітапханасында дайындалып,  сонымен қатар, Есет батыр мемориалдық кешеніне, Т.Ахтанов атындағы драма театрына, А.Молдағұлова мұражайына, институт мұражайына барды.

Тыңдаушылар оқу курсы аяқталған соң, өткізілген тақырыптардың аясында кешенді емтихан тапсырды. Тыңдаушыларға курсты толық оқып аяқтағандығы жөнінде сертификат берілді.

ҚжКБФ оқытушы-әдіскері

полиция капитаны

Г.С.Инжилисова