Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларын шығарып салу

2018 жылғы 3-15 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында ҚР ІІМ көліктегі ІІД қызметкерлері және Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әскери жасақ қызметкерлерінің қатысуымен біліктілікті арттыру курсы өтті.

Біліктілікті арттыру курсы оқу және тематикалық жоспарға сәйкес жүргізілді.

2018 жылғы 5 қыркүйекте институт бастығының сап бөлімі жөніндегі көмекшісі полиция полковнигі К.М.Манапбаев пен кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Гизатов институт алаңында тыңдаушылармен саптық тексеріс өткізді,  оларға қызметтік киім кию нысанын бұзбау туралы және күн ережесі түсіндірілді.

2018 жылғы 6 қыркүйекте кәсіптік және қосымша білім факультетінің аға оқытушы-әдіскер полиция майоры Д.Т.Төлеуов Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндірді.

Оқу процесін тәжірибеге бағыттау мақсатында Ақтөбе қаласының құқық қорғау органдарында тыңдаушыларға арналған шығу сабақтары өткізілді. Атап айтсақ, ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.Ізбасов Ақтөбе облысы ІІД жедел басқару орталығына шығу сабақтарын ұйымдастырды.

2018 жылғы 10-14 қыркүйек аралығында ҚР ІІМ көліктегі ІІД қызметкерлерінен жинақталған біліктілік арттыру курсының тыңдаушылары, Астана қаласы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қызметкерлері және психологтар Ассоциацясымен бірлесе «Организация профилирования рисков на объектах транспорта в целях борьбы с транснациональной преступностью» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты.

Сабақтан бос уақыттарында тыңдаушылар институттың жалпы кітапханасында дайындалып,  сонымен қатар, Есет батыр мемориалдық кешеніне, Т.Ахтанов атындағы драма театрына, А.Молдағұлова мұражайына, институт мұражайына барды.

Тыңдаушылар оқу курсы аяқталған соң, өткізілген тақырыптардың аясында кешенді емтихан тапсырды. Тыңдаушыларға курсты толық оқып аяқтағандығы жөнінде сертификаттар табысталды.

 

ҚжКБФ оқытушы-әдіскері

полиция капитаны

Г.С.Инжилисова