Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Білім алушылардың білімін бағалау» дөңгелек үстел

2019 жылы 30 сәуірде ҚазақстанРеспубликасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының күндізгі оқу факультеті, оқу-әдістемелік орталығы, білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімі «Қазақстан Республикасының ІІМ жоғары оқу орындарындарындағы кредиттік жүйе бойынша оқу үрдісін жаңғырту шеңберінде жетілдіру» атты ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған дөңгелек үстелдің модераторы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты күндізгі оқу факультеті бастығының м.а. полиция подполковнигі А.А.Салимов болды. 

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан КОФ бастығының м.а., полиция подполковнигі         А.А. Салимов, БСМжББ-нің бастығы, полиция подполковнигі Е.Е. Туребеков, БСМжББ-нің аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры О.С. Төлепберген, КОФ аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры А.С. Галиуллина, ОӘО оқытушы-әдіскері, полиция майоры А.А. Сагинтаева, КОФ оқытушы-әдіскері, полиция майоры     А.А. Өмірзақова, КОФ оқытушы-әдіскері, полиция капитаны Г.Б. Ибыжанова, ОӘО оқытушы-әдіскері, полиция майоры Д.С. Муканова, ал қонақ ретінде М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің оқытушы-әдіскері Айгүл Дүйсенқызы Қалабаева қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесінің негізгі сипаттамаларын анықтау және оқу процесін жетілдіру, сондай-ақ Ақтөбе қаласының азаматтық жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында кредиттік оқыту жүйесі, білім алушылардың білімін бағалау, «Платонус» және «Сириус» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің оң және теріс жақтары сияқты мәселелер талқыланды.

БСМжББ бастығы

полиция подполковнигі

Е.Е. Туребеков