Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Діни теріс ағымдардың және құқық бұзушылықтың алдын алу

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Нұрмұхаммет Шәмшіұлы Разақов және Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Сұлтанбек Тасболатұлы Аманов институт курсанттарымен кездесу өткізді.

Институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Аслан Жолашұлы Сейтенов кездесуді ашып, келген қонақтарды таныстырды. Кездесу барысында институт курсанттарына өңірдегі жастар саясатының жүргізілуі туралы, діни теріс ағымдардың және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес жайлы ақпарат жеткізілді.

 
08 02030111 IMG_3241