Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ел үміті» марафон 2019

2019 жылғы 3 қарашада Ақтөбе қаласында Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының үш мыңға жуық жастары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған «Ел үміті» 2019 жастар марафонына қатысты, олардың ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 3 «А» курсының курсанттары да болды.

Марафонның басты мақсаты — талантты жастарды қолдау. Салтанатты шараны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев сөз сөйледі.

Марафонды өткізу кезінде жастар тек қана өздері үшін ғана емес, сонымен қатар, республиканың дамуына елеулі үлес қосқан өз жетістіктерінің тарихымен бөлісті.

Марафонның басты бөлігі Raim&Artur, Ninety One, Қайрат Баекенов пен «Формат» тобының, қазақ театрының актерлерінің және КТК жоғары лигасы қатысушыларының өнерлерін тамашалау болды.

Іс-шара қатысушылардың жастар әнұранын орындауларымен аяқталды. «Ел үміті» марафоны талантты қатысушыларын келесі жолы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қабылдайды.

3А курсы бастығының орынбасары

полиция капитаны

С.П. Оразгалиев