Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Шаңғы жарысы

         2018 жылғы 3 ақпанда XXIII қысқы Олимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы арасында  шаңғы тебу жарысы ұйымдастырылды. «Патон» туристік базасынан бастау алған спорттық шара кезінде ерлер 2 шақырым, қыз-келіншектер 1 шақырым қашықтықта жарысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев сөз сөйледі.

Тәрбие жұмысы бөлімі, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының ұйымдастыруымен өткен жарысқа институттың жеке құрамы толықтай қатысты.

         Аталмыш жарыс басталмай тұрып, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы жарыстың ережелерімен танысты.

Шаңғы жарысында ерлер арасында 1-ші орынды тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы А.Трофимов, 2-ші орынды оқытудың инновациялық технологиялары мен техникалық құрылғылары бөлімінің инженері полиция капитаны Б.Ибраимов, 3-ші орынды жалпы құқықтық пәндер кафедрасының орынбасары полиция подполковнигі А.Салимов иеленді. Ал арулар арасында 1-орынға қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.Қиюбек,  2-орынға жалпы білім беретін пәндер кафедрасының доценті полиция полковнигі Ж.Есмамбетова және 3-орынға күндізгі оқу факультетінің әдіскері полиция капитаны А.Умирзакова ие болды.

           Жарыстың соңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев жеңіске жеткен қызметкерлерді мақтау қағазымен марапаттады.

 

Институттың ӘжДШД кафедрасының             

оқытушысы

полиция аға лейтенанты А.Қ. Қосмұратов

 

Институттың ӘжДШД кафедрасының              

оқытушысы

полиция капитаны Ж.Қ. Қаирбаев

 
SAMSUNG CSC