Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жедел іздестіру қызметі кафедрасы апталығы аясында іс-шараларды өткізу

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының негізгі іс-шаралар жоспарын,кафедра апталығы аясында орындау мақсатында2019 жылғы 11 ақпанда ЖІҚ кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры К.Е.Каратаев институттың мәжіліс залында жеке құрам алдында өз баяндамасын жасап, ЖІҚ кафедрасы туралы презентациясын ұсынды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының негізгі іс-шаралар жоспарын жедел іздестіру қызметі кафедрасының апталығы шеңберінде орындау үшін, 2019 жылғы 12 ақпанында институттың акт залында 1 курс курсанттарына Қазақстан полициясы мен қылмыстық іздестіру қызметі туралы жедел іздестіру қызметі кафедрасының доценті полиция подполковнигі Марат Жалғасұлы Найманбаевтың басшылығымен «Қазақстан полициясына 25 жыл» және «Қылмыстық іздестіру қызметіне 100 жыл» деректі фильмдері көрсетілді. Аталғандеректі фильмдер институт курсанттарына кәсіби дағдыларын қалыптастыру, ұрпақтар жалғастырушылығы және патриоттық тәрбиелеу мақсатында  көрсетілді.
2019 жылдың 13 ақпанында 2 А курсының201 және 204 оқу топтарының курсанттарымен жедел іздестіру қызметі заңнамасын білу бойынша интеллектуалды ойын өткізілді. Қазылар алқасына кафедра бастығының орынбасары полиция майоры К.Каратаевпен кафедраның профессорлық-оқытушылыққұрамы кірді. Қатысушыларға жедел іздестіру қызметі пәні бойынша сұрақтар қойылып, қатысушылар тарапынан ойын барысы қызықты өтті. Ойынды екі оқу тобы тең ұпайлармен аяқтады. Ойын аяқталысымен барлық қатысушыларға грамоталар және алғысхаттартапсырылды.
2019 жылғы 14 ақпанда «Бастаушы жедел уәкіл» ғылыми үйірмесі шеңберінде Ақтөбе қаласы полиция басқармасының Астана ауданы бойынша қалалық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция майоры М.Бахтияров шақырылып, өз баяндамасын жасап, тәжірибеде кең кездесетін мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, полиция майоры М.Бахтияров сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, қызмет бабын асыра пайдалану, адамды қинау, түрлі қылмыстық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік туралы негізгі аспектілерді атап өтті. Ғылыми үйірме өз мақсатына жетіп, курсанттар жедел іздестіру қызметі бойынша қосымша білім алды.
2019 жылғы 15 ақпанда ЖІҚ кафедрасының оқытушысы полиция майоры Қ.Ерланұлы полиция капитаны Е.Сибогатовты қатыстырып103 оқу тобына семинар сабақөткізді, семинар тиісті оқу-әдістемелік деңгейде өтті.
2019 жылы 16 ақпанда кафедра апталығы аясында өткізілген іс-шаралар бойынша қорытындылар шығарумен аяқталды.

Жедел іздестіру қызметі кафедрасы

 
10 DSC_0049 IMG-20180527-WA0255