Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жолдастық кездесу

Билік пен халықтың арасында алтын көпір салған облыстық «Актюбинский вестник» газетінің 100 жылдығы мен БАҚ қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен «Ақтөбе Медиа» ЖШС арасында бірлескен спорт жарыстарынан (шағын футбол, волейбол, арқан тарту, жүгіру, шахмат, дойбы, гир көтеру, күш сынасу) жолдастық кездесу өткізілді.

Спорттық шараның мақсаты – мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, іскерлік қарым – қатынасты нығайта түсу, салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен айналысуға жұмылдыру.

«Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымымен институт басшылығы Кеңес Одағының батыры М.Бөкенбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Әрі қарай жарысқа қатысушы спортшылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.И.Қаракүшев және «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Р.С.Отыншин жарысқа қатысушыларды «Актюбинский вестник» газетінің 100 жылдығымен БАҚ қызметкерлері күні мерекесімен құттықтап, екі ұжымның арасында іскерлік қарым – қатынастың нығая түсуіне тілек білдіріп, спортшыларға сәттілік тілеп, жарысты салтанатты түрде ашты.

Жарыс спорттың 8 түрі бойынша өткізіліп, төмендегі аталған спортшылар жүлделі 1-ші орындарға ие болып, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды: Атап айтсақ: гир көтеру жарысынан 75 келіге дейінгі салмақта институттың 1А курсы бастығы полиция подполковнигі М.Ешманов, 75 келіден жоғары салмақта институттың қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы оқытушысы полиция майоры С.Минайдаров, күш сынасу жарысында 70 келіге дейінгі салмақта институттың білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімінің аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Е.Төребеков, 70 келіден жоғары салмақта институттың қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.Минайдаров, ерлер арасында 60 метрге жүгіру жарысынан институттың кәсіптік және қосымша білім факультетінің аға оқытушы-әдіскері Д.Төлеуов, әйелдер арасында 60 метрге жүгіру жарысынан «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымының қызметкері Т.Виноградова, ерлер арасында 100 метрге жүгіруден «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымының қызметкері К.Мукашев, әйелдер арасында 100 метрге жүгіруден институттың қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.Қиюбек, шахмат ойынынан «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымының қызметкері Ж.Айжан, дойбыдан «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымының қызметкері Б.Өтеулиев және арқан тарту жарысынан «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымының командасы 1-ші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар номинациялар бойынша шағын футболдан «Үздік шабуылдаушы» институттың әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының доценті полиция полковнигі Қ.Үмбетбаев, «Үздік қақпашы» «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымының қызметкері Д.Құлшай, «Үздік қорғаушы» Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымының қызметкері А.Көшкембаев және волейболдан «Үздік ойыншы» «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымының қызметкері Қ.Мырзабек, «Үздік байланыстырушы» институт бастығының сап бөлімі жөніндегі көмекшісі полиция полковнигі Қ.Манапбаев, «Үздік шабуылдаушы» институт бастығының көмекшісі полиция подполковнигі С.Сейфуллин марапатталды.

Жолдастық кездесу әуенмен жақсы көңіл-күйде өтіп, әрі қарай түскі аспен жалғасты.

 

 ӘжДШД кафедрасының

аға оқытушысы

полиция майоры А.А. Мергалиев

Тәрбие жұмысы бөлімінің

инспекторы полиция капитаны

З.А.Мухангалиева