Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Жылдың үздік аға оқытушысы» және «Жылдың үздік оқытушысы» байқауы туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде институт қабырғасында «Жылдың үздік аға оқытушысы» және «Жылдың үздік оқытушысы» номинациясы бойынша байқаудың қорытынды бөлігі өтті. Жарыстың салтанатты бөлімін жас музыкант Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы “Despacito” композициясын скрипка аспабында Шамуратова Зарина ойнап ашты. Байқауға жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі  З.З. Нұрыш, жедел іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі  С.Э. Төлеев, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы полиция майоры Е.К.Балымов, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы полиция майоры  А.Р.Ергалиев, жалпы білім беру кафедрасының оқытушысы  полиция капитаны С.А.Мендыбаева, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.Ж. Киюбек, жедел іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.С. Байгазин, жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция капитаны К.Ерланұлы, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Ж.К. Қайырбаев, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты О.Н. Изтлеуов  қатысты

Осы қатысушылардың қатарынан финалға полиция подполковнигі З.З. Нұрыш, полиция майоры Е.К.Балымов, полиция майоры  А.Р.Ергалиев, полиция капитаны С.А.Мендыбаева, полиция капитаны А.Ж.Киюбек,  полиция аға лейтенанты  О.Н. Изтлеуов    шыққан болатын.

«Өз мамандығымды сүйемін» атты өзін-өзі таныстыру рәсімінде,финалистер ішкі істер органдары үшін кадрларды кәсіби оқытуға педагогикалық салымы туралы, өткізген оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмысының оң нәтижесі, сондай-ақ өзін-өзі жетілдіру бойынша, соның ішінде біліктілігін арттыру курстары және әр түрлі тағлымдамалар туралы көп алдында өз-өздерін таныстыруын ұсынды. Ары қарай финалистер авторлық оқу-әдістемелік өңдеулерін, сондай-ақ әр түрлі белсенді және интерактивті оқытуды, бағдарламалық-әдістемелік нәтижелерді, тиімді беру тәсілдерін пайдалана отырып «Менің оқу үрдісін жетілдіру әдісім» мастер-класс өткізді және әр қатысушы нақты сұрақтарға жауап берді. Сөйлеу регламенті 10-15 минутты құрады.

Сайысшылардың қойылымдары слайдтармен, фотосуреттермен және бейне материалдармен қатар жүрді.

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды конкурстық комиссияның төрағасы жариялады.

Сонымен, 2017-2018 оқу жылында байқаудың қорытындысымен  «Жылдың үздік аға оқытушысы» номинациясы бойынша  полиция капитаны Жарас Қайырбаевич Қайырбаев жеңіп алса, «Жылдың үздік оқытушысы» номинациясы бойынша полиция капитаны Аида Жадетқызы Киюбек жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 1қазанында институттың акт залында салтаннатты түрде «Мұғалім күні» мерекесін тойлау барысында өтеді.

 

ОӘО-ң аға оқытушы-әдіскері

полиция капитаны                                 

Р.Б. Молдыбаева