Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

2018 жылғы 9-11 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында өткен «Тәрбие жұмысы қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған басым бағыт ретінде» тақырыбында Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының ІІД(К) ҚАЖІІО КАЖІІО бастықтарының кадр жұмысы жөніндегі орынбасарларының оқу-әдістемелік жиыны

2018 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына КЖД орынбасары полиция полковнигі Руслан Қуандықұлы Құрымбаев, КЖД ТЖжКДҰБ бастығы полиция полковнигі Мұрат Қоңыржанұлы Жақыпбеков, отставкадағы полиция полковнигі Болат Қойшыбекұлы Каженов, ЕТ жөніндегі аға инспектор отставкадағы полиция подполковнигі Раушан Тілектесқызы Тұңғышпаева, ІІМ мұражайының ғылыми қызметкері отставкадағы полиция подполковнигі  Алмагуль Нурхамитқызы Сатмаганбетова және Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының ІІД(К) ҚАЖІІО  КАЖІІО бастықтарының кадр жұмысы жөніндегі орынбасарлары «Тәрбие жұмысы қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған басым бағыт ретінде» тақырыбында 9-11 сәуір аралығында оқу-әдістемелік жиын өткізу үшін келді.

Оқу-әдістемелік жиын өз жұмысын Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан бастады. Іс-шараға   Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев, Ақтөбе облысының ІІД, ТЖД, ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің төрағалары және оқу-әдістемелік жиынға қатысушылар қатысты. 

  Әрі қарай институттың акт залында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев, КЖД орынбасары полиция полковнигі Руслан Қуандықұлы Құрымбаев, КЖД ТЖжКДҰБ бастығы полиция полковнигі Мұрат Қоңыржанұлы Жақыпбеков сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады.

Ашылу салтанатынан кейін барлық қатысушылар оқу ғимаратына оқу сабақтарына қатысу үшін бет алды. Алғашқы күні отставкадағы полиция полковнигі Болат Қойшыбекұлы Каженов, КЖД ТЖжКДҰБ бастығы полиция полковнигі Мұрат Қоңыржанұлы Жақыпбеков, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлан Сабырұлы Қайрғали, ЕТ жөніндегі аға инспектор отставкадағы полиция подполковнигі Раушан Тілектесқызы Тұңғышпаева дәріс өткізді.

Өткізілген дәрістерден кейін ЕТ жөніндегі аға инспектор отставкадағы полиция подполковнигі Раушан Тілектесқызы Тұңғышпаева қатысушылармен психологиялық тренинг өткізді.   

Жоспар бойынша 10 сәуірде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан халық Ассамблеясы жанындағы «Бірлік» ақсақалдар алқасының төрағасы Еркін Жолмырзаұлы Құрманбековтың, КЖД ТЖжКДҰБ бастығы полиция полковнигі Мұрат Қоңыржанұлы Жақыпбековтың, ЕТ жөніндегі аға инспектор отставкадағы полиция подполковнигі Раушан Тілектесқызы Тұңғышпаеваның және ІІМ мұражайының ғылыми қызметкері, отставкадағы полиция подполковнигі Алмагуль Нурхамитқызы Сатмаганбетованың дәрістері жоспарлануда. 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева