Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кешенді тестілеу нысанында өткізілген мемлекеттік емтихан туралы

2019 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 2 «Б» курсына (2017 ж. қабылдау)  қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың бірінші кезеңі өткізілді.

Мемлекеттік емтихан кәсіби тәжірибеден өтіп келген 51 курсантқа «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы» мен «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәндерінен кешеді тестілеу нысанында өткізілді.

Мемлекеттік емтихан ашық және объективті түрде өту мақсатында «Ақтөбе» газетінің маманы Динара Нысанбайқызы Сангулова мен Институттың жеке құрам бойынша инспекторы полиция капитаны Нұрбол Аргинұлы Жақсылов шақырылды.

Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша бітірушілердің орташа балы 3,18 құрады.