Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кинодан алынған әсер

    Дәстүрлі мамандандырылған сауаттылық, физикалық және моральдық даярлық, шығармашылық тұрғыда ойлаудың қабілеттілігі курсанттар өміріндегі маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Осы орайда 2 «А» курс ұжымымен, дәлірек айтқанда, курс бастығы полиция подполковнигі М.М.Ешмановтың, курс бастығының орынбасары полиция капитаны С.П.Оразғалиевтің,  курс старшинасы А.Қ.Намазбаевтың ұйымдастыруымен  жазғы демалыс аяқталған соң, оқу үрдісі басталғанда «Локомотив» кинотеатрына   кино әлеміне саяхат жасау жүзеге асырылды.

Бұндай іс-шараның ұйымдастырылуының мақсаты — курсанттардың өзара достығын жетілдіріп, оқудың жаңа бастамасына жауаптылықты сезіндіру арқылы бір-біріне деген сыйластық қатынасын арттыру.

“Міне, жаздық демалыс та соңына жетіп, біздің басымызды институт қайтадан біріктірді. Өз достарымды кезіктіргенде, бойымда үлкен қуаныш болды. Сондықтан, «Локомотив» кинотеатры әлеміне жасаған саяхатымыз ұзаққа созылған демалыстан соң, курсанттардың бірыңғай ынтасын арттырып, күштерін жаңадан дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Біз көргіміз келген киноның аты — «Мег. Монстр глубины». Кинозалынан шыққан соң, біз көрген киномызды талқыға салдық, өйткені ол өте жақсы көрсетілім болды. Осындай керемет демалысты ұйымдастырған біздің курс ұжымына алғысымды айтқым келеді.” – деп, 2 «А» курс курсанты, қатардағы полиция С. Абдрахманова өз ойымен  бөлісті.

Осы тектес іс-шаралар болашақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің қабілетін одан әрі дамытуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан, осындай ұйымдастырулар біздің ұжымда әрі қарай өз жалғасын табатын болады.

 

2 А курс бастығының орынбасары

полиция капитаны       

С.П.Оразғалиев

 
IMG_6192