Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Курсанттарға патриоттық тәрбие беру — біздің мақсатымыз

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты  Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі 1 «Б» курс 101 оқу тобының жетекшісі З.Нұрыштың басшылығымен 1 «Б» курс 101 оқу тобының курсанттарымен жастарды Отанға деген патриоттық сезімге,отансүйгіштікке және өз елінің батырларын білуге деген білімдерін жетілдіруге тәрбиелеу мақсатында 2018 жылдың қараша айының 11 күні Ақтөбе облыстық Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейіне тарихи-танымдықшара ретінде саяхат жасау ұйымдастырылды.
Музейге саяхат жасау барысында Қазақстанның әр түкпірінен келген курсанттарға 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген батыр қыз Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың өмірбаянымен дерек көздерінен алынған ерліктерімен таныстырылды.
Осы күні 1 «Б» курс 101 оқу тобының курсанттарымен бірге 1 «А» курс 104 оқу тобының курсанттары оқу тобының жетекшісі жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры Қ.Ерланұлымен  Қобыланды батыр атындағы стадионда Ақтөбе-Қайсар футбол командалары арасындағы өткен футболдан жарысты тамашалады. 

1 «Б» курс 101 оқу тобының жетекшісі
Қазақстан Республикасы ІІМ
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты 
Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының
аға оқытушысы полиция подполковнигі З.З.Нұрыш