Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Курсанттар мен тыңдаушылар арасында армреслингтен өткен жарыс

2019 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорт залында,  ауыспалы құрам арасында армреслингтен жарыс өткізілді.

Жарыстың мақсаты — салауатты өмір сүруге баулу және армреслинг спорт түрін дамыту, курсанттар мен тыңдаушылардың спорттық деңгейін жоғарылату.

Аталған жарыста 1-ші орынды арнайы бастапқы оқыту курсының 2-оқу тобының тыңдаушысы Н.Даулетханов иеленді,  2-ші орынды  2А курсының  205-оқу тобының курсанты Б.Маметай және 3-ші орынды 2А курсының  201-оқу тобының курсанты Б.Қалтұрсынов иеленді.

Жарыстың жеңімпаздары, жүлделі орын иеленген қатысушылар институт бастығы полиция полковнигі А.Е.Қабдуевтің грамоталарымен марапатталды.

ӘжДШД  кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

Ж.Қ.Қаирбаев