Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстарға қарсы іс – қимыл бойыншазаңдылықтарды әрі қарай жетілдіру» тақырыбы бойынша өткізілген дөнгелек үстел туралы

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2018 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысжоспарына сәйкес, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы 2018 жылдың 17 қазанында «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстарға қарсы іс – қимыл бойынша заңдылықтарды әрі қарай жетілдіру» тақырыбы бойынша дөнгелек үстелөткізді. Оған Қазақстан Республикасының барлық аймақтарының ІІБ ювенальдық полиция қызметкерлері қатысты.
     Бұл іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты – кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы бойынша мәселелерді талқылау болып табылады. Дөңгелек үстелдің жұмысына біліктілігін арттыру курсына келген ювенальдық полиция қызметкерлері қатысып, полиция майоры И.В.Трофимович, полиция капитаны Ж.Ж.Утеева, Б.О.Мухамедьяров өздерінің пікірлерімен және көзқарастарымен бөлісіп, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы бойынша заңдылықтарды қатаңырақ қарастырып, өлім жазасын қолдану сияқты жазаларды қарастыру туралы сұрақтар туындады.
    Дөңгелек үстелдің нәтижесінде шақырылған қатысушылар институт басшылығының атынан сертификаттармен марапатталды.

ҚҚжКкафедрасыныңбастығы
полиция полковнигі   
А.Ж.Сейтенов