Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Кәмелетке толмағандарды деструктивті ықпалдан қорғау және оңалту» тақырыбында өткізілген халықаралық дөңгелек үстел туралы А Қ П А Р А Т

2018 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ ҒЗЖ ғылыми зерттеулер және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2018 жылға арналған ғылыми зерттеулер жоспарларының аясында «Кәмелетке толмағандарды  деструктивті ықпалдан қорғау және оңалту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Өткізілген дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі, жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық құқық және криминалогия кафедраларының профессорлық-оқытушы құрамы мен біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары, сонымен қатар, Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының, Омск академиясының, Барнауыл заң институтының және Урал заң институтының қызметкерлері, Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ақтөбе облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің,  «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел еліміздің ішінде балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы өзекті мәселелерді қарап талдау мақсатында өткізілді.

Институт бастығының ғылыми зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Ғ.Ж. Сулейманова өз сөзінде әлеуметтік желілер біздің өмірімізге қуатты әсер ететіні және өзекті мәселені осы жерде бүгін талқылап қана қоймай, әрі қарай мәселенің шешілуіне елімізде қандайда бір шаралардың қолданылуына белгілі бір ұйғарым шығару керектігімізді атап өтті.

Бұл ұстанымды өздерінің құттықтау сөздерінде Ресей Федерациясының ІІМ Воронеж институты бастығының халықаралық қатынас бойынша көмекшісі полиция подполковнигі Пастушкова Елена Анатольевна, Омск академиясы бастығының халықаралық қатынас бойынша көмекшісі полиция подполковнигі Кузнецов Вячеслав Александрович, Барнауыл заң институты бастығының халықаралық қатынас бойынша көмекшісі, философия ғылымдарының кандидаты, полиция аға лейтенанты Христова Наталья Алексеевна және Урал заң институты бастығының халықаралық қатынас бойынша көмекшісі полиция подполковнигі Васильева Людмила Анатольевналар  қолдады.  

Модератор ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының доценті полиция подполковнигі Л.С. Маланьина дөңгелек үстелдің тақырыбымен таныстырды және халықаралық дөңгелек үстел барысында отырысқа қатысушылар арасында кәсіби қарым-қатынасты ұйымдастырды.

Бірінші сөз алған Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жедел-іздестіру кафедрасының доценті полиция подполковнигі М.Ж. Найманбаев, соңғы жылдары жастар арасында деструктивті діни ағымға бейімділер саны өсуде. Жергілікті сарапшылардың қортындысы бойынша бұл мәселенің басты себебі, жұмыссыздық және өсіп келе жатқан ұрпақтың бос уақытын өткізу үшін белгілі бір жағдайдың болмауы, сондай-ақ әлеуметтік желілермен басқа да интернет ресурстарының әсер ететінін атап өтті.

Келесі баяндамашы болған Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының қылмыстық құқық және криминалогия кафедрасының бастығы полиция полковнигі Иванченко Роман Борисович, Ресей аймағында жастардың радикалдануы жөнінде, әлеуметтік желілердегі Ресей аумағында тиым салынған ұйымдарға әуес болуын атап өтті, мысалы «АУЕ» (Арестантский уклад един) бұл – кәмелетке толмаған жеткіншектермен, жастардан және қыздардан тұратын Ресейлік бейресми ұйымның атауы мен ұраны. Бұл жастар қоғамдастығы кәмелетьке толмағандар арасында ресейлік криминалдық ортаны және ұрлық туралы тұжырымдаманы түсіндіруге ықпал етеді. Сонымен қатар олардан осы ұстанымды сақтауды, «ортаққа» ақша жинауды талап етеді.

Ақтөбе қаласы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологі Жумабаев Мейрамбек Бахытулы өз баяндамасында кәмелетке толмағандарға деструктивті ықпал ету мәселесінің діни өмір нысанынын, тарих пен діни көзқарасын, мәдениетпен білім туралы атап өтті.

Талқыланып отырған тақырып бойынша Шығыс Қазақстан облысы ІІД ЖПҚ кәмелетке толмаған дар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Уразбаева Анна Валерьевна өз ойын айтып, еліміздің әр аумағында сенімсіздік білдіретін жастардың тәуліктің кез келген уақытында бара алатындай психологиялық  көмек көрсететін қызмет құруға ұсыныс жасады.

Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының қылмыстық құқық және криминалогия кафедрасының адъюнкті полиция лейтенанты Пучнина Маргарита Юрьевна жастарды қауіпсіз интернетте және әлеуметтік жүйеде үйрету туралы өзінің жобасын ұсынды.

Тақырыпты  талқылау кезінде қатысушыларға Ресей Федерациясы ІІМ Омск академиясының өкілдерінен көптеген сұрақтар қойылды. 

         Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі  Ғ.Ж.Сулейманова өзінің қорытынды сөзінде дөңгелек үстелге қатысушылардың балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы жалпы пікіріне қолдау көрсетті.

Халықаралық дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің ішінде балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы еңбек тәжірибесінде жинаған тәжірибелерімен өзара бөлісті, сонымен қатар, құқық бұзушылықты алдын алудағы өзекті мәселелер бойынша бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер алды.

         Ресей Федерациясы ІІМ заң институтынан осы тақырып бойынша кәмелетке толмағандарға психологтардың көмек көрсету және оңалту  жұмыстары аясында келесі айда дөңгелек үстел өткізу туралы нақты ұсыныс түсті.

«Кәмелетке толмағандарды  деструктивті ықпалдан қорғау және оңалту» тақырыбында өткізілген халықаралық дөңгелек үстел қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар табыстау және естелік суретке түсу іс-шарасымен аяқталды.

        

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының

доценті

полиция подполковнигі

Н.Қ.Оразалин