Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей ІІМ Воронеж институтымен өткізілген «Балалар және интернет: заманауи тәуекелдер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми онлайн-семинар

2018 жылғы 24 сәуірде сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ресей ІІМ Воронеж институтымен «Балалар және интернет: заманауи тәуекелдер» тақырыбында халықаралық ғылыми онлайн-семинар өткізілді. Ресей ІІМ Воронеж институтынан алғы сөзді институт бастығының халықаралық ынтымақтастық бойынша көмекшісі полиция подполковнигі Е.А.Пастушкова айтса, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары,
з.ғ.к., полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова сөз алып, білім беру ұйымдарының тығыз және табысты ынтымақтастығын атап өтті. Аталған онлайн-семинардың модераторы Ресей ІІМ Воронеж институтының ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы, з.ғ.к., полиция майоры К.Д.Рыдченко болды.

Аталған онлайн-семинарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ-дан жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары — полиция подполковнигі К.С.Сулейменов «Подросток: интернет и безопасность», полиция майоры М.Д.Тулешев «Причины возникновения подростковой преступности», полиция майоры Қ.Ерланұлы «Дети и интернет: негативное влияние» тақырыптарындағы баяндамаларын қатысушыларға ұсынды.

Сонымен қатар, Ресей ІІМ Воронеж институтының Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы, з.ғ.к., полиция майоры К.Д.Рыдченконың, «Мониторингтік орталық» коммерциялық  емес серіктестігінің директоры А.О.Левченконың, Воронеж облысының «Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау және дамыту орталығы» мемлекеттік бюджеттік мекеменің бөлім меңгерушісі
А.А. Токареваның және Воронеж облысы бойынша Ресей Федерациясы Тергеу комитеті тергеу басқармасының ұйымдастыру-қадағалау бөлімінің аға инспекторы Н.В.Вялыхтың баяндамалары тыңдалды.

Қатысушылар кәмелетке толмағандарды интернет жүйесіндегі зиян келтіретін ақпараттардан қорғауға, жасөспірімдердің интернет жүйесіндегі   қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, баланың интернет жүйесіндегі ақпараттарды алуға құқықтылығын реттестіруде құқық қорғау органдары мен ата-ананың өзара бірлескен әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты көптеген сұрақтарды талқылап, жасөспірімдер қылмыстылығының туу себептерін талдады. Онлайн-семинар тақырыбына қатысты аталған мәселе қызу талқыға түсіп, қатысушылар арасында қызығушылық тудырды.

 

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.К. Каримбаева

 
03220084