Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған іс-шаралар» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел туралы ақпарат

 2017 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған іс-шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Аталған шара Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын жарықтандыру аясында жүргізілді. Жолдаудың бір бағыты сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын жүзеге асыру болғандықтан, дөңгелек үстел осы тақарапқа арналды.

 Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Ғ.Сулейманова, «Ақтөбе облысының іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық қорының төрағасы К.Масалимова, институттың қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, яғни, кафедра бастығы полиция полковнигі А.Игольников, кафедра бастығының орынбасары Б.Есмағанбетов, аға оқытушылар полиция подполковнигі Қ.Бүркітбаев, полиция подполковнигі С.Назарбаева, полиция подполковнигі Н.Чупринюк, оқытушылар полиция майоры С.Минайдаров, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанда академиясының докторанты полиция капитаны Е.Балымов, сонымен қатар қылмыстық құқық және криминология кафедрасы қатысты.

 Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Игольников «История возникновения коррупции в Республике Казахстан», кафедраның аға оқытушысы полиция подполковнигі Қ Бүркітбаев «Совершенствование коррупционного законодательства в Республике Казахстан», оқытушы полиция капитаны Е.Балымов «Борьба с коррупцией – гарант развития государства» тақырыптарындағы және қылмыстық құқық және криминалогия кафедрасының бастығы А.Сейтеновтің баяндамалары көпшілікке ұсынылды.

 Дөңгелек үстелде баяндамалар бойынша бейнефильмдер көрсетіліп, сөз сөйлеу, сұрақ-жауап және пікірталас түрінде өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы қылмыстық заңнамаларды жетілдіру, Қазақстан азаматтарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу сұрақтары талқыланды.

 Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы